03 Sentyabr 2010 Friday 09:01:30

En Son:12:50:55 GMT

Buradasınız: DTA Kаzаkstаndа Türіk hаlıktаrınıñ künі ötkіzіldі

Kаzаkstаndа Türіk hаlıktаrınıñ künі ötkіzіldі

Email Print PDF
20 mavsım künі Kаzаkstаn men Kırğızstаnnıñ şekаrаsındаğı Merkі kаlаsındа “Türіk hаlıktаrınıñ künі” älemde tuñğış ret ötkіzіldі. Mundаy, Türіk hаlıktаrınıñ merekesіn belgіlep, ötkіzüv köpten bergі аrmаnımız edі. Оnıñ Türіk hаlıktаrı üşіn аsа mаñızdı ekenіn ötken ýılı bаspаdаn şıkkаn “EurАziyanıñ Türіktіk turаktılık belbeuі” degen kіtаbındа Türіk hаlıktаrınıñ bükіlälemdіk Аssаmbleyasınıñ bаsşılаrıdа nаzаrımızdı avdаrğаn edі. Merekege Türkiyya, Kırğızstаn, Özbekstаnnаn kelgen delegаtsiyyalаr men Kаzаkstаndık Türіkşіlder, оnı uyımdаstıruvdı kаmtаmаsız etken Kаzаkstаndаğı äzіrbаycаn türіkterіnіñ Оdаğınıñ bаsşısı Vidаdi Sаlаhоv bаstаğаn bavırlаrımızben kаtаr ýergіlіktі bilіk ökіlderі kаtıstı. “Türіk hаlıktаrınıñ künі” – bоlаşаktı meñzegen, mäñgіlіk meyrаm” degen аyydаrmen bаstı bаyandаmаnı Türіk hаlıktаrınıñ bükіlälemdіk Аssаmbleyasınıñ prezidentі, аkаdemiyk E.Sultаnmurаt ýаsаdı. Köptegen kаtısuşılаr bul kündі Türіk hаlıktаrınıñ künі dep belgіlep, оnı bükіl türіk älemі ýıl sаyın tоylаp оtırsа degen usınıstаr ýаsаdı. Bul merekelіk kezdesüv bаrısındа kаcımаs turаnşıl, ýerlesіmіz Yahya Äliyevke Türkiyanıñ hаlıkаrаlık mаrаpаttav kоmiytetіnіñ şeşіmen “Türіk älemіnіñ №1 аdаmı” аtаğı berіlgenі ýаriyalаnıp, оğаn “Turаnnıñ аltın ýuldızı” medаlı ýäne de köptegen ýıldаrdаn berі аdаmzаt örkeniyetіne sіñіrgen eñbegі üşіn Bіrіkken Ulttаr Uyımınıñ оrdenі kоsа tаpsırıldı. Bul şаrаğа ötken ğаsırdıñ sоñğı kezderіnde Türkіstаn kоzğаlаsın bаskаrğаn, kаzіrgі Türіk hаlıktаrınıñ bükіlälemdіk Аssаmbleyasınıñ liderlerіnіñ bіrі Seyіtbаy Bаyydullаev mırzаdа kаtıstı.

 

 

 

 

Қазақстанда түрік халықтарының күні өткізілді.

   

    20 маусым күні Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасындағы Меркі қаласында  “Түрік халықтарының күні” әлемде тұңғыш рет өткізілді. Мұндай, түрік халықтарының мерекесін белгілеп, өткізу көптен бергі арманымыз еді. Оның түрік халықтары үшін аса маңызды екенін өткен жылы баспадан шыққан “ЕурАзияның түріктік тұрақтылық белбеуі” деген кітабында Түрік халықтарының бүкіләлемдік Ассамблеясының басшыларыда назарымызды аударған еді.

Мерекеге Түркия, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген делегациялар мен қазақстандық түрікшілдер, оны ұйымдастыруды қамтамасыз еткен Қазақстандағы әзірбайжан түріктерінің Одағының басшысы Видади Салахов бастаған бауырларымызбен қатар жергілікті билік өкілдері қатысты.

“Түрік халықтарының күні” – болашақты меңзеген, мәңгілік мейрам” деген айдармен басты баяндаманы Түрік халықтарының бүкіләлемдік Ассамблеясының президенті, академик Е.Сұлтанмұрат жасады. Көптеген қатысушылар бұл күнді Түрік халықтарының күні деп белгілеп, оны бүкіл түрік әлемі жыл сайын тойлап отырса деген ұсыныстар жасады.

Бұл мерекелік кездесу барысында қажымас тұраншыл, жерлесіміз Яхья Әлиевке Түркияның халықаралық марапаттау комитетінің шешімен “Түрік әлемінің №1 адамы” атағы берілгені жарияланып, оған “Тұранның алтын жұлдызы” медалы және де көптеген жылдардан бері адамзат өркениетіне сіңірген еңбегі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының ордені қоса тапсырылды.

Бұл шараға өткен ғасырдың соңғы кездерінде Түркістан қозғаласын басқарған, қазіргі  Түрік халықтарының бүкіләлемдік Ассамблеясының лидерлерінің бірі Сейітбай Байдуллаев мырзада қатысты.

 

 

 

В Казахстане провели день Тюркских народов мира.

 

    В городе Мерке Казахстана, на границе с Кыргызстаном впервые в мире 20 мая 2009 года праздновали день Тюркских народов мира. В ней приняли участие делегации с Турции, Кыргызстана, Узбекистана и туранисты Казахастана. Организационную сторону мероприятия обеспечили Союз культурных центров азербайджан в Казахстане во главе его председателем Видади Салаховым. 

Основным докладом под названием «День тюркских народов – вечный праздник обращенное в будущее» выступил Президент ВАТН академик Е.Султанмурат. Он в своем докладе подчеркнул особую важность проведения ежегодного праздника – Дня тюркских народов во всех угольках где проживают тюркские народы в деле возрождения тюркской цивилизации, консолидации тюркских народов. О необходимости такого Праздника лидеры ВАТН предлагали в своем труде «Тюркский пояс стабильности ЕврАзии», вышедшей с печати в 2008 году.

Е.Султанмурат так же предложил в будущем вместе навязанных нам обозначении, снова  называть так называемую Центральную Азию Туркестаном, что имело место до большевистского переворота в России.

    В ходе Праздника был вручен неутомимому туранисту Алиеву Яхья Юсуфоглы «Золотой медаль Турана» с дипломом человек №1 тюркского мира 2008-2009 гг. и орден Организации Объедиенных Нации за служения общечеловеческой цивилизации. Господин Алиев Я. является полковником внутренной службы, участником карабахской войны, как ученый историк занимается с советских времен историей тюркского мира, видным общественным деятелем Казахстана и Азербайджана.

   Награды вручил ректор Анкарского института Стратегических исследовании тюркского мира профессор Искандер Эльчинбей, который так же вступил содокладом на Праздничном заседаний.

Примечательным является так же то, что первое празднование Дня тюркских народов начался на земле, которая всегда была ареной исторических событий. Здесь в свое время достиг своего расцвета Караханидское ханство тюрков, здесь творил свои бессметрные творения Юсуп Баласугуни, здесь родился выдающиеся туранист Турар Рыскулов.

Всемирная Ассамблея тюркских народов просить всех заинтересованных стороны высказаться по вопросу ежегодного празднования Дня тюркских народов во всех угольках тюркского мира.

 

Пресс служба ВАТН.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түрік халықтарының бүкіләлемдік Ассамблеясының президенті,

Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Мыңжылдық  форумының

Орталық Азия мен Кавказ елдері бойынша үйлестірушісі

академик Е.Сұлтанмұраттың әлемде алғаш рет өткізіліп

отырған Түрік халықтарының күні мерекесіндегі баяндамасы.

 

Меркі қаласы, Қазақстан, 20 маусым, 2009 жыл.

 

 

“Түрік халықтарының күні” – болашақты меңзеген,

мәңгілік мейрам.

 

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Құрметті Төраға!

 

      Бәрімізде армандап жүрген Түрік халықтарының күнін бүгін Түрік әлемінде бірінші рет өткізіп отырмыз. Бұл шараны ұйымдастыруды өз мойнына алып, жүзеге асырысып отырған әзірбайжан түріктерінің Қазақстандағы мәдени орталықтарының Одағына, оның төрағасы Видади Салахов мырзаға, әрқашанда түріктердің болашағы үшін күрестің алғы шебінде жүретін Әлиев Яхья мырзаға Түрік халықтарының бүкіләлемдік Ассамблеясының атынан алғысымды білдіруге рұхсат етіңіздер.   

    Cоңғы бес ғасырдан бері тағдырдың тәлкегіне түсіп, бөздей тозған түрік халықтары енді ғана есін жия бастады.

Десекте өте бастаған қасіретті кезең біртұтас ұлттық тәнімізді де, жанымызды да ыдыратып, алшақтатып жіберген екен. Содан болар бүгінде түрік халықтарының ұлдары мен  қазақпын, мен өзбекпін, қырғызбын, әзербайжанмын, т.с.с. дей салады өздерінің түрік екенін ұмытып.

Бұл бізді бөліп-бөліп билеген, әлі де билегісі келетін қанаушыларымыз бен жауларымыздың жасаған қиянаттарының санамызда қалған сарқытының бір көрінісі ғана.      

Өзінің кім екенін түсінбей, шынайы, яғни ойы бір, тілегі бір  бауырларын танымай ешбір халық меңзеген мақсатына түпкілікті жете алмас.

Сондықтанда енді ғана еңсесі көтеріле бастаған түрік халықтары үшін өз мерекесін “Түрік халықтарының күнін – бірлесу күнін” атап өту, оны тойлаудың өте маңызды екеніне күмән жоқ. Бұл біздің санамызды аша түсіп, әлемдегі кешегі, бүгінгі, және ертең жетуіміз мүмкін  орнымызды анықтап,  болашаққа бірге ұмтылдырар ой салатын түрік халықтарының басты мерекесі болмақ.

Бұл мерекенің жалпытүріктік мерекеге айналуына әрбір саналы азамат, кез-келген ұйымдарымыз ат салысуы тиіс. Ал біздің Ассамблея бұл жөнінде жан-жақты жұмыс атқаруды көздеп отыр. 

 

    Сөйтіп бүгінгі күнде Туранды мекендеген Ер Түріктің ұрпақтары қайда жүріп, қандай шапан киседе өздерін алдымен түрікпін дейтін кезеңі келді. Біздің османдық бауырларымыз мұны ерте байқап, өздерін өткен ғасырдың бірінші ширегінен бастап түрік деп атай бастады. Біз бүгін өзімізді, тым болмаса, мысалы қазақ түрігі, тыва түрігі, башкыр түрігі, және с.с. деп атап, түбі бір түріктің бірлігін мығымдай түсер сәтіміз жетті. Сондықтанда менің девизім «қазақ өзім, түрік менің жан ұям». Қорытып айтқанда біз бәріміз түрік ұлтынанбыз, ал қазіргі ұлт аттары дегеніміз біздің өмір сүріп жатқан мекендеріміздің сипаты ғана.

   Өйткені қазіргі жаһандану дәуірінде тек бірлесу арқылы ғана түрік халықтары өздерін сақтап, керек десеңіз бүкіл Евразия құрылығының тұрақтылық белбеуіне айнала алады. Бұл мәселе туралы біздің Ассамблея ғалымдарының «Тюркский пояс стабильности (Евразии)» деген кітабы өткен жылы Алматыда, биыл Қазан қаласында жарық көріп, ол «ЕврАзия тұрақтылығының стратегиясы», «Түрік факторі» деген атпен Түркияда жақын айларда толықтырылып басылуға дайындалуда.

   Түрік халықтарының қай қайсысының болмасын басты мақсаты өсіп өрбіп, өз еліне ие болып, тарихи ұзақ өмірге қол жеткізу. Ол үшін, атап өткеніміздей Түрік Атаның күшейген ұлдары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірге болуы тиіс.

Мұндай басты мақсатқа жету үшін түрік халықтарының барлық ұлдарын бар мүмкіндіктерімізді  тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жолға салуымыз шарт.

Бұл шарт тек халықтық капитализм мен халықтық –дахабиялық демократия арқылы ғана орындала алады. Біз бұл даңғыл жолды “қоғамдық дамудың түріктік нұсқасы” деп атап жүрміз. Ол елдерімізді шапшаңдата дамытып, байырғы түрік өркениетін жаңғырта қалыптастырып, әлемдік деңгейге көтереді.

Бұл жөнінде біздің нақты жобаларымыз дайын. Оларды іске асыра бастау үшін жасаған, оның ішінде Қазақстанның Қырғызстанмен жапсарлас аудандарында, айрықша экономикалық аудан ұйымдастыру арқылы жүзеге асыра бастау жөніндегі 2008 жылғы ұсынысымыз Қазақстан республикасының Президентінің әкімідігінің экономикалық сарапшыларының қолдауын тауып, іске асырылуы мүмкін жобаға айналған. Өздеріңіз сезіп отырғандай бұл айрықша ауданның бірін сіздердің Меркі және Қордай аудандарында ұйымдастыруды ұсынғанбыз. Бұл жобаны жүзеге асыру – қазақ-қырғыз елін қазіргі дағдарыстан жаңа жолмен өркендете шығаруды бастап, тек түрік емес, керек десеңіз әлем әлдерінің экономикалық-әлеуметтік дамуына үлгі болар, ізгі қадам болып, президентіміз Н.Назарбаев ұсынып жүрген Орталық Азия елдерінің Одағын төменнен бастап құрудың басы болар еді.

 

   Әрине, айналамызды қоршаған, барлық құбылысқа өздерінің өктемшіл көзқарасымен қарайтын алып елдердің барлығын ескерсек, біздің өзімізді ғана емес, тіпті барлық Евразия халықтарының тұрақтылығын меңзеген, адамгершілік тұрғыға негізделген ұмтылыстарымызды жүзеге асыру оңай емес. Әсіресе біздің басқарушы күштеріміздің әрбір қимылы олардың назарында екені бәріңізге де мәлім. Сондықтанда түрік бірлігін жандандыра түсуде мемлекеттік емес ұйымдардың, жекелеген патриоттар мен бұқара халықтың рөлі өте зор.

Бұл ретте, біз ең алдымен түрік әлемінің ортақ мәдени кеңістігіне жан бітіруіміз керек. Бұл өте ауқымды да, терең жұмыс. Оның негізгі өзегі ортақ тіл болып табылады. Біз түріктер өзіміздің туысқан екенімізді лезде еске түсіріп, табиғи түрде қабылдап, өзіміздің интеллектуальды деңгейімізді бәсекелесерлік деңгейге жеткізуіміз үшін тіл бірлігі қажет. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарына шейін Түркістан түріктері бір-бірін еркін түсінетін. Алайда, сол кездерде, әсіресе Ташкент, Баку, Қазан қалаларында біртұтас түрік республикасын құруға ұмтылған түрікшілдер қозғалысынан зәресі ұшқан мәскеулік большевиктер бізді бір-бірімізден бөлектеп, тіл жөнінде де алшақтатып жіберді. Аталған түрікшілдердің арасында осы Меркінің де мақтанышы Тұрар Рысқұловта бар екенін естеріңізге сала кетейін. Ол атамыздың топырағы торқа, ақыреті иманды болсын! Аумин!

   

    Өкінішке орай тілдеріміздің алшақтай түсу процессі  егемендік жылдары да өрши түспесе, баяулаған жоқ.

   Бұл бұдан әрі төзуге болмайтын жағдай. Біз қалайда бәрімізге түсінікті ортақ тілімізді қалпына келтіруіміз қажет. Біздің тарихи болашағымыз бұған тікелей байланысты. Орта түрікті, кезінде Бакулық достарымыз ұсынғандай анатүрік тілін жаңғырта жасап, айналымға салу түрік бірлігінің өзекті мәселесі. Бұл жөнінде біздің Ассамблеяның академик Б.Каримов бастаған анатүрік тілі институты біршама жұмыстар атқаруда.

 Бірақ қаржының жоқтығынан оның нәтижесін ұзақ күтіп қалуымызда ықтимал.

Бұл тарихи жоба Нұрcұлтан Назарбаев, немесе Гейдар Алиев атындағы қорлардан қолдау табуға лайық. Бұл жобаны қолдаушылар түрік әлемінің алдындағы маңызы шексіз жоғары мәселені шештіріп, ұрпақтарымыздың жадында кемеңгердей тұлға ретінде қалар еді.  

Бұл тілді жеткілікті қаржы қолдауы болса екі жылда жазбаша айналымға ендірердей етіп, тағы екі жылда фонетикалық жағынан да нәшіне келтіріп, оны басты тілімізге айналдыра бастар едік. Бұл тілді түрік елдерінде өтімтал етіп, тез арада қажетті деңгейде қолданыс таптырар жоба да дайын.

    Бұл тілге байланысты кейбір келеңсіз пікірлерде бар екенін айта кеткен жөн. Мысалы кейбір Стамбулдық топтар барша түрік әлемін түрік тілінің османдық диалектісімен сөйлесе деп армандайды, және соны дұрыс деп санайды. Неге олай болуы керек десең, біз көппіз дейді. Басқа аймақтарда да оларды жаңылысып, немесе жеке мүддесінің құлы болып жүргендерде кейде оларды жағымпаздана қолдап жүр.

Бұл өте қауіпті жаңылысу. Бұл қарапайым тоғышарлық тұжырым. Түрік баласы қай түрік ұлтына жатса да ол өр көкірек түрік. Жеке түрік баласының өр көкіректігін оның қарашай немесе алтай халқының ұлы екені бәсеңдетпейді. Олардың бұл тұрғыда жеке тұлға ретіндегі ұстанымы басым. Сондықтан осман түрігінің жалпы тоннажы жоғары, сол себепті оның диалектісін қабылдайсын деу ағаттық.  Ал осман диалектісі дамыған түрік диалектісі болса да әлемдік деңгейге жетіп, бәрімізді сусындатар да мүмкіндігі шамалы. Керек десеңіз қаншама тазартылсада ол шынайы байырғы түрік тілі деп айта қою қиын.

Бұл жөнінде Қазақстан республикасының президенті Н.Назарбаевтың қазақ тілі байырғы түрік тіліне әлдеқайда жақын дегені орынды. Әрине бұл қазақ тілін бүкілтүріктік етейік деген ым емес. Біз бәрімізге ортақ тілдің қалдығының негізінде орта тіл, яғни анатүрік тілін қалпына келтіріп, жаңғыртып, жандандырайық демекпіз. Оған Махмуд Кашғари атамыздың “Диуан ат Турки”, және де басқа да ескі түркі еңбектер негіз болуы тиіс.

Ал түрік халықтары өзінің жан дүниесіне сай жаңғырған байырғы тілі арқылы рухани серпіліске, ешбір қайшылықсыз тікелей қол жеткізе алады.

Сондықтан да ортатүрік-анатүрікті күмәнді талқыға салмай, оны жасап, іске қосу, кезек күттірмейтін мәселе. 

 

   Санамызды мақсатымызға бағыттауға себепкер болар дәлелдің бірі біздің географиялық аталуымыз. Бүгінге дейін біз нәсілдік, колонизаторлық тұрғыдан белгіленген атауларды қолданып келеміз. Нәсілшілдер біртұтас құрылықты Азия және Еуропа деп екіге бөлген. Оның үстіне Орал тауының батыс жағындағы біздің бауырларымызды европалықтар деп, түріктердің арасына қосымша жік салып отыр. Ал шынтуайтқа келгенде, бұл құрылық бір континент ретінде аталып, түріктер мекендеген аймақтар Түркістан деп аталуы тиіс.

Әрине мұнымен құрылықты түгелдей ұлттық тұрғыдан  қайта атап шығайық деген ой білдіріп отырған жоқпыз. Бұл зорлықпен ыдыратылған түрік халықтарының бірлігін қайта қалыптастыру үшін ғана қажет. Сондықтан да қазіргідей түрік елдерін қисынсыз Орталық Азия елдері дегенше Түркістан деп атап, мысалы қазақ тілінде өзімізді “түркі” емес, “түрік” атағанымыз тарихи шындыққа да, біздің басты мақсатымызға да сай болмақ. Керек десеңіз түрік елдеріндегі қолданылып жүрген орыс тіліндегі “тюрки” дегенді “турки”, “тюркоязычные народы” деген арамы сөзді “туркские народы” терминіне ауыстыру қажет. Біздің елдерімізде орыс тілін Ресейдегі стандартанған күйінше қолдану орынды емес. Біз қазақтар  солай боламыз деп, өткен жылдары Отан партиясын орысшада “атан” атап, отанды түйеге айналдырып күлкіге батқанымыз және бар. Сондықтан орыс тіліде қажеттілігіне қарай кейде жергілікті жердің өңіне кіргені жөн. АҚШта да солай, иңлиш тілі Англиядағыдай емес қой.

     Орталық Азияның Түркістан деп аталуының болашақ үшін үлкен маңызы бар. Мұны есіткен қай түрік болсын өзінің түріктердің үлкен жанұясының мүшесі екенін сезіп, санасы ашыла бастайды.

Түріктер қазір көптеген басқа елдердің қол астында. Біз тарихқа ревизия жасау ойымызда жоқ. Алайда, түріктер мекендеген аймақтар түрік елі, яғни Түркістан деп аталса, ал халықтарымыз түркі емес түріктер деп аталса орынды болмақ.

 

   Құрметті бауырлар, құрметті қонақтар!

Біздің бүгінгі жиылысымыз – Түрік халықтары күнін – Түрік бірлігі күнін тойлауымыз ұлы бастаманың басы. Бұл жиылыстың байырғы түрік елінде – бүгінгі Қазақстанда өтіп отырғаны да тектен тек емес шығар.

Бұған мұрындық болған Қазақстандағы әзірбайжан түріктеріне (әзірбайжандықтар әрқашанда тұраншылдардың ең бір алдыңғы шептегі тобы болған, бола бермек те) алғысымызды тағыда білдіре отырып, бәріңізді болашағымызды бірге жасауға атсалысуға шақырамын!

Бұл күннің, бұл мерекенің жалпытүріктік болып, оның бірлесуімізге, жарқын болашағымызға қызмет етеріне күмәніміз жоқ.

Бұл шараға сонау Анкарадан Түрік әлемін стратегиялық зерттеу академиясының ректоры, профессор, доктор Искандер Эльчинбей мырза бастаған делегацияның да қатысуы бұл пікірімізді қоштап тұрғандай.

 

Құрметті достар!

Бүгін осы жиылысты ұйымдастырушылардың бірі Әлиев Яхья Юсуфоглы Түркиядағы академик Ивгин бей басқаратын халықаралық марапаттау комитетінің шешімен “Түрік әлемінің №1 адамы” атанып, “Тұранның алтын жұлдызы” медалымен, және де көптеген жылдардан бері адамзат өркениетіне сіңірген еңбегі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының орденімен қоса марапталып отыр. Бұлар түрік ұлына берілген өте жоғары баға.

   Яхья бейдің құрметіне қол шапалақтап, құттықтай отырып,

өз сөзімді аяқтай келе, бұл жиынның өтуіне бар мүмкіндіктерді жасаған Жамбыл облысының, Меркі ауданының басшыларына ризашлығымды білдіремін!

“Түрік бірлігі жасасын!” бауырлар!

 

Our valuable member Ermentay Sultanmurat has been with us since Monday, 14 İyul 2008.

Contact e-mail: This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it

Show Other Articles

Seçilmiş Kitaplar


Seçilmiş Kitaplar


Share/Save/Bookmark