03 Сентябрь 2010 Жума 09:28:19

En Son:12:50:55 GMT

Buradasınız: ДТА Эрментай Султанмурат ЕурАзия тұрақтылығының түрік белбеуі

ЕурАзия тұрақтылығының түрік белбеуі

Э-почта Yazdır PDF

«ЕурАзия тұрақтылығының түрік белбеуі жобасын таныстыру рәсімінің пресс-жариясы. 

Әлем жаһандық табиғаттық, саяси-экономикалық, гуманитарлық катаклизмдер аймағының ықпалына кіре бастады. Оның бірі, болып жатқан, бүкіл Түркістанды өзіне оптап сіңіріп, Дарданелл мен Московия арқылы Еуропадан шығуы мүмкін қытайлықтардың, кезегін күтіп тұрған  үнділіктердің экономикалық-миграциялық экспансиясы. Бұл әлемнің бетбейнесін танымастай өзгертумен қатар, жер өркениеті үшін болжап білмес салдарлы болмақ.

Еуразия елдерінің қазіргі эволюциялық дамуын сақтап, жалғастыру үшін Еуразияның тұрақтылық белбеуін Орталық-Азия мемлекеттерінің Одағын (ОАМО) – Түрік мемлекеттерінің достастығын (ТМД) құру арқылы жасау қажет. Алайда кейбір түрки және сыртқы күштердің көрегенсіздігінен оларды қалыптастыру созылып кетті. Бұл жағдайда Орталық Азия республикаларының (ОАР) халықтары мен экономикасын біріктірудің барлық мүмкін болар ашық жолдарын қолдану қажет. Атап айтқанда Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанға шекаралас аймақтарында айрықша экономикалық аудандар (АЭА) ұйымдастыруы қажет. Бұл АЭАларда жаңадан және қайта ұйымдастырылған кәсіпорындарды (егер қаласа бұрыннан барларын да)  ОАР халықтарынан тұратын өз ұжымдарына жалға беру керек. Ұжым таза пайда есебінен өз кәсіпорнын бірте бірте сатып алуы тиіс. Сатып алынған, яғни еңбекшілердің меншігіндегі кәсіпорында (ЕМК) әрбір еңбекшінің бұл кәсіпорынды сатып алу кезеңінде алған еңбекақысына сай үлесі болады.  Бұл ЕМКлардың, оларды маркетингте, сату,  жабдықтау мен басқаруда қолдап отыратын корпорацияның құрамына кіруі міндетті. ЕМКларда еңбекшілер өздері меншік иесі болып, өздері үшін істейтін болғандықтан бәсекеге қабілетті арзан да, сапалы өнім өндіреді. Және де бұларда ОАР халықтарының етене жақындасуы басталады, өйткені  бұл кәсіпорындарда қазақстандықтармен қатар өзбек, қырғыз, түркімен, тәжік, түрік, ұйғыр, қарақалпақтармен қатар түрік халықтарының және басқа халықтардың өкілдері де еңбек етіп, меншік иелесіне айналады. 

 

 Rusçası da yayınlanan bu önemli eserin TürkiyeTürkçesine çevirisi devam etmektedir. Türkiye'deki kaliteliyayınevleri için bu eserin Türkiye'de yayımlanması büyük öneme sahiptir.

 

 

Тек осылай ғана экономика қытай тауар өндірушілерімен бәсекелесетіндей деңгейге жетіп, еңбекшілердің қоңы көтеріліп, ОАР халықтарының мызғымас бірігуі сонда басталады. Біздің АЭАдар ұйымдастыру жөніндегі ұсынысымыз биылғы жылы қыркүйек айында Қазақстан Президентінің әкімдігінде талқыланып, сарапшыларынан қолдау тапты. Жобаны жүзеге асыру ерекше қаржы жұмсауды қажет етпеседе,  басқаша қол жеткізбес, аталған нәтижелерге жетеміз. Осылайша халықтық капитализмді игере, АЭА тәжірибесін өз елімізде, және бүкіл Түркістанда қолдана отырып, қазіргі экономикалық дағдарыстан жаңарып шығамыз. Қазақстан сөйтіп ЕурАзия тұрақтылығының түрік белбеуін қалыптастыра бастап, ОБСЕге төрағалық етуге жоғары мәртебемен кіріседі. Түрік белбеуі, аталған мақсаттарға қызмет ете алуы үшін:

-         түріктерді топтастырып, ізгі мақсаттарға, түрік өркениетін кемелдендіре қайта қалыптастыруға  бағыттай алатын түріктердің  байырғы өмірлік көзқарасын – философиясын жаңартып қалпына келтіру;

-         жалпытүріктік мәдени-информациялық кеңістікті орнықтырар ортатүрік, яғни анатүрік тілін жаңғырта қолдану;

-         дахабиялық демокартия мен халық капитализміне негізделген қоғамдық дамудың түріктік жолына түсу қажет.

ТМД осындай даму даңғылына түссе ғана саяси-экономикалық аухалы ЕурАзияның тұрақтылық белбеуі болатындай деңгейге көтеріліп,  жаңа қоғамдық формацияға – жаңартылған капитализмге жол ашады.

Классикалық капитализм өз отанында –батыста да құлдилап, тарқаған кеңес империясының орнында пайда болған мемлекеттерде де өзін өзі ақтамады. Сондықтанда бүкіл әлем капитализмді жаңғыртуды ойлауда. Ал біз, олар ойланғанша жаңарған капитализмнің түріктік нұсқасын жүзеге асыра бастаймыз.

ЕврАзияның тұрақтылық белбеуін қалыптастыруға түрік халықтарының тарихи-мәдени орталығы – Тұран қалашығы да қызмет етпек. Ол Шымкент-Ташкент қалаларының арасында, Жібек жолында орналаспақ.

Біз осы бағыттағы барлық бастамаларымызға жан-жақты, әсіресе қаржылай қолдаға зәруміз және өзара тиімді істестікке дайынбыз.

Тұрақтылықтың түрік белбеуін жасау идеясы барлық саналы жандардан, БҰҰ, ЕО, АҚШ, РФ мен басқа елдерден де қолдау тауып, бұған ұлы қытай және үнді халықтары да түсіністікпен қарайды деген ойдамыз.

Жақын күндерде жарық көріп, назарларыңызға ұсынылып отырған  “Тұрақтылықтың түрік белбеуі» деген кітабымыз осы айтылған концепцияны баяндауға арналған.

                             академик Ерментай СҰЛТАНМҰРАТ,                                     
Бүкіләлемдік Түрік Халықтары Ассамблеясының президенті
.

                                                                                             тел. +77014700050, emaıl: Е-почта спамботлордон зыйан болбошуу үчүн жашынды, аны көрүү үчүн tarayıcınızın Javascriptи болушу керек.  

 
 
 

Алматыдағы пресс-конференцияда
Е.Сұлтанмұраттың оң жағында отырған Ахмет Догдуран – Қазақстан мен Түркияның қоғам қайраткері,
“Түрік әлемі” газетінің редакторы.  

 
 
 
 

  Бишкек пресс-конференциясы
он жақта Эмиль САРПАШЕВ – Қырғызстанның Туран партиясының төрағасы,
ортада Е.Сұлтанмұрат,
сол жақта Бақытжан Ізбасаров – Букіл әлемдік түрік халықтары ассамблеясы басшылығы әкімдігінің жетекшісі.

    

 

 


4.12.2008г.

 

 

 

 

 

 

Our valuable member Ermentay Sultanmurat has been with us since 14 Июль 2008, Дүйшөмбү.

Contact e-mail: Е-почта спамботлордон зыйан болбошуу үчүн жашынды, аны көрүү үчүн tarayıcınızın Javascriptи болушу керек.

Show Other Articles

Seçilmiş Kitaplar


Seçilmiş Kitaplar


Share/Save/Bookmark