03 Сентябрь 2010 Жума 09:16:42

En Son:12:50:55 GMT

Buradasınız: ДТА Эрментай Султанмурат Нахчыван Саммиті жаңғырған Туранды жақындата түспек

Нахчыван Саммиті жаңғырған Туранды жақындата түспек

Э-почта Yazdır PDF

Түрік мемлекеттерінің басшыларының алғашқы саммиті Түрік республикасының президенті, марқұм Тұрғыт Озалдың ұйымдастырумен 1992 жылы Анкарада, одан кейінгілері 1994 жылы Истанбулда, 1995 жылы  Бишкекте, 1996 жылы Ташкентте, 1998 жылы Астанада, 2000 жылы Бакуде, 2001 жылы Истанбулда, 2006 жылы Антальяда өткен болатын.

 

Үстіміздегі айдың 2-3 жұлдыздарында туысқан Әзірбайжан республикасының Нахчыван қаласында болып өткен Түрік мемлекеттерінің президенттерінің тоғызыншы Саммиті түрік халықтарының арманы Туран кеңістігін жаңғыртуды жақындата түсердей деңгейде өтіп,  маңызды шешімдер қабылдады.

Оның алдында, 29 сентябрь күні Бакуде Түрік мемлекеттерінің парламенттерінің Ассамблеясының алғашқы пленарлық мәжілісі болды. Мәжілісте ұйымның секретариаты Баку қаласында орналасады деп шешіліп, оның Бас секретары болып Әзірбайжан республикасының өкілі Рамиль Гасанов сайланды. Ассамблеяның екінші пленарлық мәжілісі келесі жылы қазан айында Астанада өтпек. Ассамблея түрік елдерінің парламентаралық қарым-қатынасын жүйеге түсіріп, түбінде бәрімізге ортақ заңнамаларды туындата бастауы да мүмкін.  Бұл Ассамблеяны құру мәселесін 2006 жылы Антальядағы Саммитте Қазақстан Президенті Н.Назарбаев көтерген болатын.

Бұл шараның арты суымай жатып-ақ, Нахычеванға түрік мемлекеттерінің басшылары Саммитке жиналды. Саммитке барлық түрік елдерінің басшылары келмеседе  Саммит нәтижелі болып, «Нахчыван декларациясы» қабылданып, президенттеріміз Түрік мемлекеттерінің ынтымақтастық Кеңесін құру туралы келісімге қол қойды. Әдетте мұндай Кеңес ауызбірлігі әдеуір деңгейге жеткен мемлекеттер арасында құрылады. Алайда түріктердің бірлігі осы деңгейде деп айту әлі ертерек. Қазірше біздерді жақындаттырып тұрған экономикалық байланыс, оның ішінде көмірқышқылдарын Кавказ арқылы Батыстың нарығына шығару болып тұр. Солай десекте Саммиттің шешімдері түбінде біздердің туысқандық негіздегі қарым-қатынастарымызды күшейте түсері сөзсіз.

Декларацияда Әзірбайжанның территориялық бүтіндігін бейбіт жолмен қалпына келтірумен қатар, Солтүстік Кипр Түрік республикасын Батыстың оқшаулауы орынсыз екендігі, бұл проблеманы әділеттікпен шешу қажеттігіне де назар аударылған.

Оқырманға осыған байланысты Солтүстік Кипр Түрік республикасының Батыстың нәсілшілдікке ұқсас ұстанымдарының арқасында олардан қысым көріп отырғанын айта кеткен жөн. Осы бір туысқан елдің мұндай ахуалын бұқара халық біле де бермейді. Бұл елдің ресми атының өзі көбіне қысқаша ККТС деп аталып, түрік елі екені бұлыңғырланып тұрады. Сондықтанда осы мақаланың авторы ККТС-тің президенті Мехмет Талаат мырзамен кездескенінде мұндай шұбыртқан сөздерден тұратын атаудан гөрі өз елдеріңізді Кипрстан, ала Лефкоша деп жүрген астаналарыңызды Алтай деп атасаңыздаршы деген ұсыныс айтқан болатын.

Саммитте түрік елдерінің сауда-экономикалық қарым-қатынасын күшейте түсіп, өндіріс, ауыл шаруашылығы мен транспорт, коммуникация және де басқа салаларда ынтымақтаса түсу жолдары талқыланды.Ал Әзербайжан, Грузия, Түркия арқылы Әзірбайжан мен Қазақстанның, болашақта Түркіменстанның да мунай, газдарын әлемдік нарыққа шығару бұрынғыша экономикадағы басты бағыт бола бермек.

Және де Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың Түрік елдерінің академиясын  құру туралы, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің ТүркіСОИдың түріктердің мәдени мұрасын сақтап, қолдау жөніндегі қорын құрып, қаржыландыру жөніндегі ұсыныстары да қолдау тапты. Осыған орай ТүрікСОИдың өткен жылы сайланған Бас секретары Дүйсен Қасеинов бас болып белсенділікпен атқарып жатқан көптеген шараларының арқасында бұл ұйымның жұмысы көпшілік күткендей жандана бастағанын атап өткеніміз жөн.

Саммитке қатысушылар түрік әлемінің әр қадамына сын көзбен қарап қана қоймай, дау-жанжал шығарудан тайынбайтын күштердің де жеткілікті екенін ескере отырып, ол жерде талқыланған мәселелердің бәрін жариялай қойған жоқ-ау деген ойдамыз. Солай бола тұрсада, түрік елдерінің басшыларының Нахчыванда жиылып, маңызды шешімдер қабылдауы халықтарымызды қуантып, теріс пиғылдыларға берген белгі екені сөзсіз.

Орыс тілді басылымдарда түрік елдерінің жақындасуын қаралау басым. Олар Ұлы Туранды тоғышарларға зұлымдықтың империясы болады деп көрсетуге тырысады. Алайда бүгіндері әлем халықтарына үлгі болып отырған Еуропалық Одақтыңда  басында германтілділердің одағы болғанын, олардың жақындасуына мәдени ұқсастығы да себепкер болғанын ескерсек, түріктердің бірігуінен тек өткен ғасырлардағы үстемдігін аңсайтын өзімшілдер ғана шошуы мүмкін.

Біздің пікірімізше Түрік Одағы тек түрік халықтарын жарқын болашаққа жетелеп қоймай, ЕурАзиялық құрылығында тұрақтылықты қамтамасыз етер бірден-бір жол. Бұл стратегия өткен жылы Алматы мен Қазанда жарық көрген Түрік халықтарының бүкіләлемдік Ассамблеясының қайраткерлерінің «Тұрақтылықтың түріктік кемері» деген  еңбегінде жан-жақты талданып, негізделген.

Нахчывандағы кездесуде түріктердің үлкен үштігі – Анкара-Баку-Астана осі өмірге келіп, нығая түскені қылаң бере бастады.

Әрине бұл топтың арасында Өзбекстанның көрінбеуі бәріміздіңде көңілімізге қаяу салары анық. Өзбек елінің басшылары  арнайы шақырылса да бұл жиылысқа келе алмапты.

Алайда Өзбекстан өзінің түрікшілдігін қажет кезінде өз ісімен де дәлелдеп жүрген туысқан ел. Мысалы өткен жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында Өзбекстан бұлтақтамай Арменияны Әзірбайжан жерін басып алған агрессор деп дауыс берген елдің бірі.  Уақыты келгенде барлық түрік мемлекетерініңде Нахчыванда қабылданған шешімдерге, барлық жалпытүріктік игі істерге белсене қатысарына күмән жоқ.

Саммитке аталған ел басшыларымен қатар Қырғызстан Президенті Құрманбек Бакиев пен Түркіменстан үкіметінің вице-премьері  Қыдыр Сапаралиевта қатысты. Қырғыз президентінің ұсынысы бойынша түрік лидерлерінің оныншы Саммиті келесі жылы Бишкекте өтетін болды.

-----------------------------------------

Академик Ерментай СҰЛТАНМҰРАТ, Түрік халықтарының бүкіләлемдік Ассамблеясының президенті.

 

 

 

Our valuable member Ermentay Sultanmurat has been with us since 14 Июль 2008, Дүйшөмбү.

Contact e-mail: Е-почта спамботлордон зыйан болбошуу үчүн жашынды, аны көрүү үчүн tarayıcınızın Javascriptи болушу керек.

Show Other Articles

Seçilmiş Kitaplar


Seçilmiş Kitaplar


Share/Save/Bookmark