03 Сентябрь 2010 Жума 09:10:26

En Son:12:50:55 GMT

Buradasınız: ДТА Эрментай Султанмурат Түрік әлемінің академиясы Тұранда болуы тиіс

Түрік әлемінің академиясы Тұранда болуы тиіс

Э-почта Yazdır PDF

 

Қыркүйек айының ішінде Әзірбайжан республикасының Нахчыван шаһарында өткен түрік мемлекеттерінің президенттерінің саммиті Қазақстанның елбасшысы Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Түрік елдерінің орталық ғылым академиясын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

Бұл академияның өмірге келуі түрік халықтарының жоғалған тұтастығын жаңғырту жолындағы белді белес болмақ. Академия ыдырап кеткен түрік мәдениетін, көмескіленген ғылыми және тарихи мұраларын ғылыми тұрғыдан жаңғыртып, жасартып, жаңа бағыттармен, жетістіктермен байытып, оларға түрік, әлем өркениетінің өркендеуіне қызмет етуге жолдама берер құралға айналуы әбден мүмкін.

Мұндай маңызы бар мекеменің осынау асқақ мақсаттарға жете беруі үшін оның негізін қалауға аса бір жауапкершілікпен қарауымыз керек. Ғылым академиясының жұмыстарының нәтижесі іс жүзінде де ғылыми болуы үшін оның нағыз ғылым орталығы болып қалыптасуын ойластыруымыз қажет.

Бүгінгі күні жер жүзінде, әсіресе қоғамдық ғылым саяси жүйе мен басқарушы, асыраушы күштердің, алпауыт компаниялардың мүддесіне қызмет етумен келеді. Кешегі жер дүниенің жартысын қаптаған коммунизм мен орыстың империялық шовинизмінің қоспасынан тұратын тотаритарлық жүйеде де солай болды. Ал қазіргі еркін әлемнің атын орынсыз йемденген жалған айдарлы, қой терісін жамылған жыртқыштай жаһандық империализмде осы принциптен таяр емес. Сол себептен де қоғамдық ғылым адамзатқа дамудың даңғыл жолын нұсқап, ашып көрсетпек түгіл, іске асып, жоғары нәтиже берген[1] тәжірибелердің өзін қалың бұқара халыққа жеткізе алмай келеді. Мұның салдарынан дамуы жоғарғы деңгейге жеткен техникалық, биология сынды нақтылы ғылымдардың жетістіктері де адамзаттың біраз бөлігінің өмірін азды-көпті жеңілдетіп, қызықты етіп отырсада, көпшілікті қанаудың да құралына айналғаны да ащы шындық. Ал қазір, сол күштер, өздерінің тойымсыздығы туындатқан әлемдік экономикалық, әлеуметтік дағдарыстың да ауыртпалығын бәрімізге көтертуде.

Түрік әлемінің академиясын құру туралы құпталған ұсыныс – өмір талабы. Оны ұсынып, қолдаған басшылар: аты ғылыми, ал іс жүзінде атқамінерлер не айтса соны ғылыми талпыныс деп дәріптеумен жүрген көптеген мекемелердің тобын көбейтейік демегені хақ.

Академиямыз, халықтарымыздың мүддесіне өркениетті түрде қызмет етуі үшін оған өзімшіл топтардың әсерін мүмкіндігінше болдырмауымыз қажет. Оның тізгінін мардымсыз еңбектермен өмірін өткізіп, ғылымды атақ-шеннің, жан асырап, баюдың көзіне айналдырған жылпостарға да ұстата салмағанымыз абзал. Ғасырлар бойы езіліп, енді ғана аяғынан тәй-тәй басып тұра бастаған елдеріміз мұндай солқылдақты көтерер кезеңде емес. Бізге ұлы түрік өркениетінің жұрнағын жинақтап өркендетісер ғылыми орда керек. Сонымен қатар академияның жемісті жұмыс атқаруына оның орналасатын орнының өзінің үлкен маңызы бар. Керек десеңіз бұл басты мәселе. Академия табиғаты қолайлы, барлық коммуникациясы бар, көне тарихимыздың лебі есіп тұратын, саяси, діни ағымдардың, жеке мемлекеттердің ықпалынан тысқары, географиялық орталығымыздай аймақта орын тебіп, ғалымдарға еркін ойлап, туындалар жасауға мүмкіндік беруі тиіс. Сонда ғана академия ояқ-буяқтан жиналған “іскерлердің”, кездейсоқ жандардың емес, таланты кемелденген байыпты ғалымдарымыздың, ілімнің ізіне түсіп, жанып тұрған жастарымыздың ордасына айналмақ. Тек осындай, жалпытүріктік идеалдарға берілген кадрларды жинаған академия ғана түрік халықтарына, адамзатқа жол сілтер ілімге қол жеткізе алады.

Болашақ академияның орналасар орнын таңдағанымызда субъективтік факторлардың да барын, тіпті олардың басым болуы жалғасып келе жатқанын да ұмытпауымыз керек. Егер сөйтіп, сөзге ергендер оны қайсыбір астаналардың, немесе баршамызға алшақ түрік елдерінің бірінде болсын деп шессе, онда көпшіліктің арасында неге бізде емес, сол елде ашылды деген сияқты наразылықтар туып, оның жұмысына қатысуға селсоқ қарайтындарда табылары сөзсіз. Мұндай ағат шешімнің мекеменің жұмысына тұсау боларына күмән жоқ. Осы сияқты құбылыстың көрінісі ретінде ТүрікСОИдың алыстағы Анкарада орналасқанын айтуға болады. Мұны түзету үшін енді Орталық Азияда оған қосымша штаб-квартира ашып толықтырған жөн. Бұл пікірді ұйымның жаңа басшысы Д.Қасеинов мырзамен талқылағанымызда түсіністік тапқандай болып едік. Бірақ осылай десекте, қазірше түрік әлемінің заңдастырылған ортақ жері болмағандықтан академияны түрік елдерінің бірінде орналастыруға тура келеді. Мұндай, түрік әлемінің ғылым академиясына мекен болар жерге қоятын талаптарға сәйкестігі жетерлік, көпшіліктің көңілінен шығардай орын деп Өзбекстан мен Қырғызстан да түйіскен Оңтүстік Қазақстандағы Қазығұрт тауының өңірін айтуға болады.

Қазіргі кезде заманави Ұлы Жібек жолының бойында, Сеул-Бижиң-Алматы-Шымкент-Ташкент-Ашхабад-Истанбул автомагистралының қазақтың Шымкент, өзбектің Ташкент қалаларының аралығындағы Қазығұрт тауының асуында түрік халықтарының тарихи-мәдени орталығы – болашақ Тұран қалашығының алғашқы нысандарының құрлысы аяқталу алдында. Тұран қалашығы Бүкілдүниежүзілік Түрік Халықтары Ассамблеясының 2007 жылы Қазақстанда өткен бесінші Құрылтайының шешіміне сәйкес салынуда.

Бұл, табиғаты жер жәннәтіндей өлке, түрік халықтарының тарихының куәсі, хандарымыздың жайлауы, ескі қалаларымыздың орны болып табылады. Қазақстанның территориясы болғанымен бәрімізге ортақ аймақ іспеттес. Кезінде осы жерде Газгирт деген қала болған. Бұл жерлерде әлі күнге дейін ескі Жібек жолының жұрнақтары сақталған. Тұраннан Ташкентке дейін сексен шақырымдай болса, қырғыз шекарасына тікілей тартсаң 60-70 км аса қоймайды. Көбіміздің бірі болып кеткен Тәжікстанға дейін де бары-жоғы 220 км. Түркменстанда бұл жерден алшақ жатқан жоқ. Ал Тұраннан халықаралық аэропорты, Турксиб темір жолы өтетін Шымкент қаласына дейін небәрі отыз шақырым. Бұл, ұзақ елдік ғалымдарымыздың жол азабына түсіп қиналмай келіп, кетуіне мүмкіндік тудырады. Сөйтіп академиямыз у-шуы жүйкені жұқартар үлкен қаладан қашықтау осындай жерде орналасса, ғалымдарымыздың ғылымға жан-тәнімен берілуіне барлық жағдай жасалмақ. Олардың, барша түрікке ортақ байырғы ошағымызда терең жатқан сезімдері оянып, бұл жерді өз отауындай көріп кетеріне де күмән жоқ. Оның үстіне Азияны Европа, Африкамен байланыстыратын автомагистралдың жолаушылары мәртебесіне сай биіктікке орналасқан академиямызға таңдана көз жүгіртіп, олардың түріктер тұралы, түрік бірлігі тұралы ойлары кеңи түспек.

Болашақ академияның тағдыры көптеген түрікшілдерді толғандыру үстінде. Оның кейбірі, академия Түркістан қаласында ашылуы тиіс дегенді аксиома ретінде ойланбай айта салады. Әрине, бабамыз Ахмет Яссауи жатқан Түркістан түрік халықтарының көпшілігі үшін қасиетті қала. Жібек Жолы Түркістан арқылы өткен заманда бұл қала қайнаған өмірдің нағыз ортасында болатын. Ал қазір, 1998 жылы ЮНЕСКО-ның эгидасымен ЕврАзияның отыз екі елі қол қойған келісім шартқа сәйкес Сеулден Бижиң, Алматы арқылы Амстердамға дейін жаңғыртылуы тиіс Ұлы Жібек Жолы автомагистралының негізгі тармағының арнасы Шымкенттен Ташкентке қарай күрт бұрылып, Түркістан жүздеген шақырымдай шетте қалуда. Бүгіндері осы автомагистралдың құрлысы Бижиңнен бастап Ташкентке дейін қарқынды жүрізілуде. Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл магистральда, ол жаңғыртып, үстінен салынатын, қазір пайдаланудағы халықаралық автотрасса да Тұран қалашығының жанынан өткен.

Табиғаты қатаңдау, өзі алшақтау қалған Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары сезерліктей қолайсыздықтары жетерлік. Мұны тек алыстан топшылаушы, немесе келіп-кеткен кездерінде ерекше күтімде болатын мәртебелі адамдар ғана оншама байқамауы мүмкін. Әрқашанда уақыты тар, қалталары жұқа, алыстан келген ғалымдар үшін бұл қалаға келіп-кету, онда қызмет ету аса тиімді бола қоймас.

Қасиетті Меке мұсылмандардың бірден-бір діни шамшырағы. Алайда, ол шаһар бүкіл араб халықтары түгілі тіпті Сауд Аравиясының ғылыми-мәдени, әкімшілік орталығы емес. Түрік халықтарының біраз бөлігі басқа діндерді тұтынатынын да ескергеніміз жөн. Түрік халықтарын жақындастырып тұрған фактор біздің түріктігіміз, түбіміздің, мәдениетіміздің бірлігі екенін ұмытпайық. Сонымен біз Түркістан қаласын қазіргі қасиетімен ардақтай берейік. Онда түрікшіл жеткіншектерімізді тәрбиелеп, жоғары білімді мамандар дайындап отырған әйгілі Халықаралық Қазақ-Түрік университеті бар. Енді бұл қаланың жүгін орынсыз ауырлату, оған бәрін жапсыра беру саяси жағынанда, ең бастысы іскерлік позициясынан да орынсыз.

Ал Түрік әлемінің басты ғылым қалашығын Тұранда орналастыру – оны ашудағы мақсатымызға қай жағынан алсаңда сай келмек. Өткен аптада Тұранға келіп кеткен туысқан Әзербайжан республикасының Қазақстандағы елшісі Л.С.Гандилов мырза бастаған топ бұл қалашық Түрік халықтарының тарихи-мәдени орталығы, оның ішінде болашақ академия орналасардай тамаша таңдалған жер екен деген пікірлерін ризашылықпен білдірді. Иә, егер Тұранның аяққа тура бастауы, әсіресе басқарушы күштердің қолдауын тапса, ұзаққа созылмай, түрік әлемінің сомдана түсуіне қызмет етер еді. Түрік бірлігіне ондаған жылдардан бері еңбегін сіңіріп келе жатқан түрік дүниесінің мемлекет және көрнекті қоғам қайраткері Намык Кемал Зейбек мырза да Тұран қалашығы орналастын, құрлысы басталмаған әлі бос жерді өткен жылы келген сапарында көріп, іздесең таптырмайтын тартымды аймақ, бұл жерде түрік әлемінің ерекше бір жұлдызы – Тұран қаласы нұр шашып тұрарына сенемін деген еді. Ол өз тұжырымын 2008 жылдың 20-шы мамырында айтқан болса, ал қазір, әзірбайжан делегациясы келген 2009 жылдың қазан айының 20-шы жұлдызында Тұранда, Түрік халықтары Ассамблеясының резиденциясы мен оның Ортатүрік-Анатүрік институтының ғимараттарының құрлысы біту алдында. Бұларға қосылып Түрік әлемінің ғылыми академиясының қалашығы да бой көтере бастаса, нұр үстіне нұр жаумақ. Мұнда, академиялық қалашықты салуға лайықты жерімізде дайын.

Әңгімеміздің соңында айтарымыз, бәріміздің де алдымызда түрік әлемінің болашағы үшін зор маңызы бар – Түрік елдерінің академиялық қалашығын қалыптастыру мәселесі тұр. Осы мақаламызда бұл жөнінде оқырманға ой салуға тырыстық. Біз, мұндай тарихи қадам көпшіліктің пікірін ескере отырып, жан-жақты сарапталып жасалуы тиіс деген ұстанымдамыз.



[1] Булармен орысшаға аударғанымда толықтырғанмын.

N.K. Zeybek TURANda 20.05.08

 

AzerElsi TURANda 20.10.09

 

1-ші суретте Намык Зейбек мырзамен Ерментай Сұлтанмұрат болашақ Тұран қалашығы салынатын жерде оның жобасын талқылау үстінде. 20 мамыр 2008 жыл.

2-ші суретте Ләтиф Гандилов пен түрік әлемінің қоғам қайраткері, тарихшы ғалым Яхья Әлиевке Е.Сұлтанмұрат Тұран қалашығының болашағы жөнінде баяндап тұр. Екінші планда көрініп тұрғандар Түрік халықтары Ассамблеясының резиденциясы мен Ортатүрік-Анатүрік институтының салынып жатқан ғимараттары, алыста мұнарланып тұрған қасиетті Қазығұрт тауы. 20 қазан 2009 жыл.

Соңы.


академик Ерментай СҰЛТАНМҰРАТ, Түрік халықтарының дүниежүзілік Ассамблеясының президенті

 

 

 

Our valuable member Ermentay Sultanmurat has been with us since 14 Июль 2008, Дүйшөмбү.

Contact e-mail: Е-почта спамботлордон зыйан болбошуу үчүн жашынды, аны көрүү үчүн tarayıcınızın Javascriptи болушу керек.

Show Other Articles

Seçilmiş Kitaplar


Seçilmiş Kitaplar


Share/Save/Bookmark