БІЗ ҚАЗАҚТЫҢ ЕКІ АҚЫНЫ БІРГЕМІЗ
Олжас Сүлейменовке
Бiз қазақтың екi ақыны әрқашанда бipгемiз
Түрлi сыпсың сөздерден де,
Ызғар шашқан көздерден де,
Заман мен заң өзгергенде
Бүлiнген жоқ iргемiз.
Бiрiмiздi екiншiмiз ылғи қолдап жүргемiз.
Бiз қазақтың екi ақыны әрқашанда бiргемiз.
Көзi тiрi пайғамбар жоқ, даңқы шырқап өскенмен
Пайғамбардың барлығы да өз жерiне кеш келген.
Бұлт құрсамай тұрар кезi өте сирек Айдың да
Ал сен туған мекенiңе терең тамыр жайдың да
Айналдың зор айбынға,
Мiне содан өрбiп жатыр бақытың да, қайғың да.
Алғаш рет сен қозғалдың ұлт намысы дегенде
Халқымыздың ұлы рухын алып ұштың көп елге,
Баба түркi сөз төркiнiн iждағатпен қопардың,
Семейдiң зор қасiретiн әйгiледiң әлемге
Сөйтiп Абай, Шәкәрiмнiң аруағынан бата алдың.
Мен Аралдың, Желтоқсанның мұң-зарына болысып
Қыран таулы қырғыздардың ел ақыны атандым...
Ешкiм бiздi өгей ұлы дей алмайды Отанның.
Елден алған, жерден алған жырларының қуатын
Жолың болғай, ғасырының үнi болған ұлы ақын!
Мұхтар Шаханов
Біз Қазақтың Екі Ақыны Біргеміз







