ЖАН СӨ3І | Can Sözü |
| Өмір - теңіз, жоқ оның түбі, шетел, Сылқ-сылқ күлген сиқырлы толқын беті Өмірге кіргелі көп күн болды, Енді бір ай— толады жиырма жеті Мен жоқ едім, бар қылып анам тапты, Содан бері Күн талай шықты, батты. Ес білгелі алыстым өмірменен, Өмір — теңіз толқыны тым көп қақты. Мен туғалы ағарып көп таң атты, Қараңғылық жер бетін талай жапты». Ес білгелі алыстым жүрекпенен, Ырық бермеді, қаңғырды, ол не тапты? Ессіз жүрек тулады, бермеді ырық, Ақыл сорлы ере алмай, қалды тұрып. Ессіз жүрек, бегелил б!р азырак, Отыз тұр ғой үңіліп, арты — қырық. Әміріңді екі қылмай орындадым, Есімде отқа, суға ұрынғаным. Өтті жылдар, жапанда жалғыз қаппын, Өмірімді осынша улап, не қылғаның?! «Жел бол!»- дедің, жел болып еспедім бе? Уақыт талғап, ерте я кеш дедім бе? Желдей жынды есалаң екпінді боп, Заулап тұрған отқа өзім түспедім бе?! «От бол!»— дедің, от болып жанбадым ба? Күйдірмей, сірә, нәрсе талғадым ба? Күлді де алдым құшаққа, гүлді де алдым, Мынау «күл», мынау «гүл» деп таңдадым ба?! «Су бол!»— дедің, сылдырап ақпадым ба? Жыландай жүз бұралып жатпадым» ба? Ерікті-еріксіз суымнан татар жанды Сиқырлап сылдырменен таппадым ба? «Күн бол!»- дедің, мен Күндей күлмедім бе? Күннен де астым, мен күндіз-түн дедім бе? Күн — тәкаппар. Мен көппен құшақтастым, Бұл ісімді Күндікке мін дедім бе? «Ай бол!»— дедің, Ай болып жүзбедім бе? «Әпсүн» оқып, жер жүзін кезбедім бе? Анадайдан сиқырлы сәуле төгіп, Талайлардың өзегін үзбедім бе? Сен: «Сүй!»— дедің, талайды сүймедім бе? Көбелек боп көп отқа күймедім бе? Тірілгенім болмаса өлгеннен соң, Мен талай күлден кебін кимедім бе? «Жыла!»- дедің, талай жас төкпедім бе? Дария болды көз жасым, көп дедім бе? Жасым бітсе, қып-қызыл қан жыладым, «Жыламаймын, кезде жас жоқ»,— дедім бе?! «Ата-анаңнан без!»— дедің, безбедім бе? Қаңғырып, талай жалғыз кезбедім бе? Басыма талай қара күндер туды, Ата-ана, туысқан іздедім бе? «Елің тастап кет!»— дедің, кетпедім бе? Жер шетіне барсам да шет дедім бе? Жыландай бауырына кіріп алып, Қалайда жатты жақын етпедім бе? «Дәулеттен қаш!»— дедің сен, қашпадым ба? Қойнымды жоқшылыққа ашпадым ба? «Нәжісті — доңыз, сүйекті - ит жияд» деп, Барымды желге ұшырып, шашпадым ба? «Жоқты іздеп тап!»- дедің сен, таппадым ба? Сен: «Айға шап!»- дегенде, шаппадым ба? Не керек! Бар бұйрығыңды орындадым, Сұм жүрек, сол қызметімді ақтадың ба? Ақтамадың, алдадың, енді білем, Енді бір ай— жиырма жеті жасқа келем. Отыз, қырық... Қартаям, сөнем, өлем... Еліме есебімді не деп берем?! Енді бір ай — жиырма жеті жас толады, Отыз, қырық... Сарғаяды, жүз солады. Жыл соңынан жүгіріп жыл озады, Кеудеге күн-күн сайын шер толады. Ессіз жүрек аспанға қол сермеді, Ессіз жүрек ақылға жол бермеді. Жастық — у ғой, айнымай, у ішіппін, Бұл күндерде кеудені ой кернеді. Ақылға кеш айналдым, қараң күнім, Бір күш құшағына алар өлім. Қара жерді құшақтап мен жатармын, Сол кезде не деп мені сынар елім? «Жел еді, желді жыр ғып өтті!»— дер ме? «Есалаң, сүйіп еді шоқты!»- дер ме? «Ойы жоқ, ессіз отты Тәңірі көрген, Тұншығып жат, есерім!»— деп күлер ме?! Болмаса: «Қызыл гүл ед, солды!»- дер ме? «Сермеп ед алтын Айға қолды!»— дер ме? «Қажымай, айға шапқан арыстан ед, Сабаз-ай, сол жолда мерт болды!»- дер ме? «Күн еді — өмір бойы күлді»—дер ме? «Күн еді - сүймеуің еді түнді»- дер ме? «Күн еді, Күндей айқын күле білді, Сол күлумен ақырда өлді!»— дер ме?! «Сұлулықтың асығы — жыршы!»— дер ме? «Жүрекпен сырын шешер сыршы!»- дер ме? Не қуаныш, не қайғы басқан күнде Басыма келіп: «Ақын, тұршы!- дер ме? Болмаса басыма да бармас па екен? Атымды аузына да алмас па екен? Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған Молама көз қырын да салмас па екен? Дариға, сол күндерде күнім қараң, Қазақ елі, бір ауыз сезім саған: Болғайсың, сыншы болсаң, әділ сыншы, Кінәні жүрекке қой, қойма маған! Мені атама, бұл жүрек — жынды дерсің, Ұмтылған аламын деп Күнді дерсің. «Сүйіп, күліп, күйіп — көз жасын төгіп, Жынды жүрек елді де тынды!»- дерсің.__ | Hayat, deniz; yok onun ucu bucağı, Kahkahayla gülen sihirli bir dalga yüzü. Bu hayata geleli çok zaman geçti, Şimdi bir ay, dolar sonra yirmi yedi. Ben yok idim, anam var edip doğurdu, zamandan beri Güneş çok doğdu battı. Aklım başıma geleli hayatla mücadeledeyim, Hayat, bir deniz; dalgası bana çok çarptı. Ben doğalı, tan yeri çok ağardı, attı, Karanlık yeryüzünü çok örttü. Yetişkin olduğumdan beri gönlümle mücadeledeyim, Fırsat vermedi, boş boş dolaştı da o ne buldu? Deli yürek düşünceye daldı, fırsat vermedi, Zavallı akıl anlayamadan durdu kaldı. Deli gönül, yavaşla birazcık, Otuz olmuş bir bak, ardının kırk olduğunu gör. Emrini iki etmeden yerine getirdim, Aklımda, ateşe, suya çattığım. Yıllar geçti, kırda yalnız kalmışım, Hayatımı bunca zehirlemekle ne yaptın?! “Yel ol!” dedin, yel olup esmedim mi? Vakit seçip, erken veya geç dedim mi? Deli rüzgâr gibi, perişan edici hızla esip, Alev alev yanan ateşe kendim girmedim mi? “Ateş ol!” dedin, ateş olup yanmadım mı? Herhangi bir şeyi yakmadan bıraktım mı? Kucağıma “kül”ü de aldım, “gül”ü de aldım, “Bu kül”, “bu gül” diye ayrım yaptım mı? “Su ol!” dedin, şırıldayıp akmadım mı? Yılan gibi yüz defa kıvrılıp yatmadım mı? İradeli, iradesiz suyumdan tadan canı, Şırıltıyla sihirleyip bulmadım mı? “Güneş ol!” dedin, ben güneş gibi gülmedim mi? Güneşten de geçtim, ben “gündüz, gece” dedim mi? Güneş mağrur. Ben çok kimseyle kucaklaştım, Bu işime, “güneş olmanın kusuru” dedim mi? “Ay ol!” dedin, ay olup yüzmedim mi? “Efsûn” okuyup yeryüzünü gezmedim mi? Uzaklardan sihirli ışıklar döküp, Birçoklarının kalbini durdurmadım mı? Sen: “Sev!” dedin, çok insanı sevmedim mi? Kelebek olup birçok ateşte yanmadım mı? Öldükten sonra dirilişim olmasa da, Ben çok defa külden kefen giymedim mi? “Ağla!” dedin, çok defa yaş dökmedim mi? Deryâ oldu gözyaşım, çok dedim mi? Gözyaşım bitince kıpkızıl kan akıttım, “Ağlamıyorum, gözümde yaş yok” demedim mi? “Ananla babandan uzaklaş!” dedin, uzaklaşmadım mı? Âvâre olup çoğunlukla yalnız gezmedim mi? Çok defa başıma kara günler doğdu, Ana, baba, kardeş aradım mı? “Memleketini bırak git!” dedin, gitmedim mi?
|
Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы (1893-1938 ) – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны.
Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді.
Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгіріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды.
Ол оқу іздеп енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.
Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады. Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу кегін табиғи байланыстырып жібереді.
Бұл кез оның қазақтың ардақ азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықты өрнегімен көрініс береді:
Азамат! Анау қазақ ханым десең,
Жұмақтың суын апар, жаным десең.
Болмаса, Ібіліс бол да у алып бар,
Тоқтатам тұншықтырып қанын десең
Екінің бірі, басқа жол жоқ!
Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы болар.
Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.
Мағжан «Шолпан», «Сана» журналдары, «Ақ жол» газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады. Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның тағдырына тұтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз жендеттері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп 1929 жылдан бастап ақын қуғын сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жабылған жаламен он жылға сотталады. Одан М.Горкий мен оның әйелі Е.Пешкованың араласуымен, 1936 жылы босатылады да, бір жылдан кейін «Халық жауы» деп қайта сотталып, келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі.
- Атақты Ақын Сөзі Алтын Хакім Абайға
- Мен Жастарға Сенемін!
Can Sözü







