03 Қыркүйек 2010 Жұма 09:26:40

En Son:12:50:55 GMT

Buradasınız: Şiir АЛЫСТАҒЫ БАУЫРЫМА

АЛЫСТАҒЫ БАУЫРЫМА

э-пошта Принтерден шығар PDF
АЛЫСТАҒЫ БАУЫРЫМА

Алыста ауыр азап шеккен бауырым,
Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым.
Қамаған қалың жаудың ортасында
Көл қылып көздің жасын төккен бауырым.
Алдынды ауыр қайғы жапқан бауырым,
Өміріңше жапа шеккен жаттан бауырым.
Түксиген, жүрегі тас жауыз жандар
Тірідей терің тонап жатқан бауырым.
Япырмай, емес пе еді алтын Алтай
Анамыз 6ізді тапқан, асау тайдай
Бауырында жүрмеп пе едік салып ойнақ,
Жүзіміз емес пе еді жарқын Айдай?!
Алалы алтын сақа атыспап па ек,
Тебісіп бір төсекте жатыспап па ек?
Алтайдай анамыздың ақ сүтінен
Бірге еміп, бірге дәмін татыспап па ек?
Тұрмап па ед біздің үшін мөлдір бұлақ
Сылдырап сылқ-сылқ күліп таудан құлап?
Даяр боп ұшқан құстай соққан құйын,
Тілесек бір-бір тұлпар бейне пырақ!
Алтайдың алтын күні еркелетіп,
Келгенде жолбарыс боп жаңа ер жетіп,
Ақ теңіз, Қара теңіз ар жағына,
Бауырым, мені тастап, қалдың кетіп!
Мен қалдым - жас балапан қанат қақпай,
Ұшам деп ұмтылсам да дамыл таппай.
Жөн сілтер, жол көрсетер жан болмады,
Жауыз жау қойсын ба енді мені атпай?!
Қорғасын жас жүрекке оғы батты,
Күнәсіз таза қаным судай ақты.
Қансырап, елім құрып, естен тандым,
Қараңғы абақтыға берік жапты...
Көрмеймін кеше жүрген қыр-сайды да,
Күндіз — Күн, түнде - күміс нұрлы Айды да,
Ардақтап, шым жібектей арайға орап
Өсірген алтын анам Алтайды да.
Япырмай, айрылдык па калын топтан,
Шабылып кайтпайтұғын жауған оқтан
Түріктің жолбарыстай жүрегінен,
Шынымен қорқақ құл бол жаудан бұққан?!
Шарқ ұрып ерікке ұмтылған түрік жаны
Шынымен ауырды ма, бітіп халы?!
От сөніп жүректен, құрыды ма
Қайнаған тамырдағы ата қаны?!
Бауырым! Сен о жақта, мен бұ жақта,
Қайғыдан қан жұтамыз. Біздің атқа
Лайык па құл боп тұру? Жүр, кетелік
Алтайға, ата мирас алтын таққа.
 
Мағжан Жұмабаев
 
 
 
 
 

Our valuable member TürkBirlik has been with us since 30 Қазан 2007, Сейсенбі.

Contact e-mail: E-Posta spambotlardan korunma amacıyla gizlendi, görmek için tarayıcınızın Javascript desteği olması gerekir

Show Other Articles

Seçilmiş Kitaplar


Seçilmiş Kitaplar


Share/Save/Bookmark